389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда өртенген ескі ғимараттан ер адамның денесі табылды

  • 141
  • UPD: 16:59, 07.10.2019
Екібастұзда өртенген ескі ғимараттан ер адамның денесі табылды pavlodarnews.kz

Өрт сөндірушілер Екібастұз қаласында жұмыс істемейтін бұрынғы кірпіш шаштараз салонынан ер адамның денесін тапқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Абай көшесінде тоғыз қабатты үйге жапсарлас салынған ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама кеше сағат 22.35-те түсті. Бұрынғы шаштараз ғимараты орнында бес шаршы метр жылу оқшаулағыш құбырлары жанған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер өртенген ер адамның денесін анықтады», - дейді баспасөз қызметінен.

Департамент мамандарының айтуынша, қазіргі таңда көз жұмған адамның жеке басы мен өрттің шығу себебі, келтірілген шығын көлемі анықталуда.

№ 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 6 адам мен бір автоцистерна, бір автосатының көмегімен өрт сағат 23.09-да сөндірілген. Аталған фактіге қатысты шешім полиция басқармасына тапсырылған.

Хабар 24 телеарнасы