389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 23 келіден астам марихуана тәркіленді

  • 142
  • UPD: 12:45, 09.10.2019
Жамбыл облысында 23 келіден астам марихуана тәркіленді ria.ru

Жамбыл облысында Шымкент қаласының тұрғыны есірткімен ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

43 жастағы азамат марихуана тасмалдаған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Айша бибі ауылында қолға түскен. Тәртіп сақшылары жедел алдын алу шарасы кезінде «Алматы-Ташкент» тас жолында жеңіл көлікті тоқтатып, тексеру жүргізген. Тінту кезінде көліктің жүк салғышынан 23 келіден астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Ұсталған адам кінәсын мойындап, тергеу изоляторына қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы