385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мақта қабылдау пункті отқа оранды

  • 213
  • UPD: 19:24, 28.10.2019
Түркістан облысында мақта қабылдау пункті отқа оранды

Түркістан облысының Жетісай ауданында мақта қабылдау пункті өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлердің айтуынша, тілсіз жау пункт қызметкерлерінің жиналған мақтаны кептіру кезінде шыққан. Бір бунттан тұтанған жызыл жалын өрт сөндірушілердің көлігі келгенше қасындағы екінші бунттың да күлін көкке ұшырған. Онда шамамен 900 тоннаға жуық кептірілген ақ алтын болған. Соның 7 тоннасы жанып кеткен. Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, келтірілген шығын көлемін есептеп, өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Мамандардың болжауынша, оқыс оқиға өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы мен мақтаны кептіру құрылғыларының ескіруінен болуы мүмкін.

Ерғали Сұлтанғалиұлы, облыстық ТЖД басқармасының аға инженері:

– Өрт 16:26-да басталып, 18:04-те сөндірілді.Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өртті сөндіруге 25 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылды. Болжам бойынша мақта кептіру құрылғысы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Шығын есептелу үсінде.

Хабар 24 телеарнасы