427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында үй өртеніп, екі адамның денесі табылды

  • 520
  • UPD: 16:29, 29.10.2019
Қостанай облысында үй өртеніп, екі адамның денесі табылды

 

Қостанай облысында үй өртеніп, ішінен екі адамның мәйіті табылды.

«Бүгін Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылындағы жер үйлердің бірінде жазғы ас үй отқа оранып, жиһаз бен төсек-орын отқа оранды. Қызыл жалынды өз күшімен сөндірген тұрғындар оқиға орнынан екі адам мәйітін тапқан. Олар 1959-шы және 1982-ші жылы туған жергілікті шаруа қожалығының жұмысшылары екені белгілі болды. Қазір өрттің себеп-салдары анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы