386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда 80-нен астам бала сабақ үстінде ауырып қалды

  • 255
  • UPD: 21:07, 08.11.2019

Көкшетауда 80-нен астам оқушы сабақ үстінде ауырып қалды. Балалардың басы айналып, құсып, өздерін жайсыз сезінген.

Бір оқушы дәрігердің көмегіне жүгінді. Оған энторовирусты инфекция жұқтырды деген диагноз қойылған. Қазір білім ордасында тексеріс басталды. Бірақ мектеп қалыпты жүйеде жұмыс істеп тұр.

Хабар 24 телеарнасы