384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда түнгі клуб өртенді

  • 175
  • UPD: 07:14, 10.11.2019
Нұр-Сұлтанда түнгі клуб өртенді

Елордада «Good bar» түнгі сауық мекемесінде өрт шықты, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.

«10 қарашада түнде сағат 00:20-де «101» қызметінің пультіне Бейімбет Майлин көшесіндегі «Good bar» түнгі клубында өрт шыққаны жөнінде қоңырау шалынды. Сол жерге 00:26-да алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімшесі ғимараттың екінші қабатында электр желісі жанып жатқанын анықтады» делінген хабарламада.

Құтқарушылар нысандағы адамдарды эвакуациялауға, жалынды сөндіруге кірісті. Нәтижесінде 0,5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Оқыс оқиға кезінде түнгі сауық мекемесінен 8 адамды құтқарылды. Екі адамға жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсетті. Полиция ғимаратты қоршауға алды. Өртті сөндіруге астаналық ТЖД-ның 17 қызметкері мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы