386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда көп қабатты үй өртенді

  • 177
  • UPD: 11:40, 10.11.2019
Оралда көп қабатты үй өртенді

Оралда тұрғын үйдің төбесі өртеніп, 13 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қараша күні сағат 14:14-те Н.Назарбаев даңғылы, номері 232 бойынша төрт қабатты үйдің төбесі жанған. Аумағы 25 шаршы метрді құраған өрт 14:42-де оқшауланып, 15:00-де сөндірілді. Тұрғын үйден 13 адам шығарылса, соның екеуі балалар. Тілсіз жауды ауыздықтауға және адамдарды эвакуациялауға 17 қызметкер, 5 техника, полициядан 4 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ сағат 21:23-те Бөрілі ауданы Приурал ауылында тұрғын үй ауласында 20 тонна пішен жанып кетті. Өрт таңғы 00:31-де оқшауланып, 02:52-де сөндірілді (2 адам, 1 техника).

Хабар 24 телеарнасы