384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ұры 13 секундта дүңгіршекті тонап кетті

  • 212
Шымкентте ұры 13 секундта дүңгіршекті тонап кетті

Көз ілеспес шапшаңдықпен жасалған ұрлық Шымкент қаласындағы бейнебақылау құралдарының біріне жазылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баукеспе ұры 13 секундта дүңгіршекті тонап кеткен. Қылмыскер сатушының аз ғана уақытқа сыртқа шығып кеткенін пайдаланған. Осы мезгілде ол ақша салынған сөмке мен алтын бұйымдарды алып үлгереді. Қазір зардап шеккен әйел полицияға арыз жазған. Күдікті іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы