432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан – Теміртау тас жолында көлік аударылып қалды

  • 614
  • UPD: 11:11, 18.11.2019
Нұр-Сұлтан – Теміртау тас жолында көлік аударылып қалды ҚазАвтоЖол

Баймырза елді мекенінің маңындағы жолда көлік апаты орын алды.

«Нұр-Сұлтан – Теміртау тас жолымен қатты жылдамдықпен жүрген Lexus автокөлігінің жүргізушісі екі бағыттағы қозғалысты бөліп тұратын қоршауға соғылған», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Жүргізушінің айтуы бойынша, ол басқа автокөлік кедергі келтіргендіктен өз көлігін басқара алмай қалып, нәтижесінде көлік төңкерілген.

37 жастағы жүргізуші көлікте жалғыз болған. Қазіргі таңда жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.

Хабар 24 телеарнасы