424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин Швейцария Қазақстанның тұрақты серіктестерінің бірі екенін атап өтті

  • 573
  • UPD: 15:57, 22.11.2019

Мейманмен еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин де кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар екіжақты байланысты нығайту жайын сөз етті. Әсіресе, сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау, білім беру және жасыл экономика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселесіне көңіл бөлінді. Асқар Мамин Швейцария Қазақстанның тұрақты серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ал Ули Маурер екіжақты қарым-қатынастың Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры арқылы да бекіп келе жатқанына назар аударды. Еске салайық, Швейцария–  еліміздің 10 ірі сауда серіктесінің бірі әрі Қазақстанға ең көп инвестиция салған 3 мемлекеттің қатарында.

Хабар 24 телеарнасы