384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада қазақстандық студент қыз қаза тапты

  • 137
  • UPD: 15:35, 30.11.2019
Польшада қазақстандық студент қыз қаза тапты

Бұл ақпаратты еліміздің сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға 27 қараша күні Катовице қаласында болған. Оқудан шыққан отандасымызды трамвай қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, қазақстандық студент ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, трамвайдың келе жатқанын байқамай қалған. Қазір ведомство қызметкерлері марқұмның туыстарына виза әзірлеп, мүрдені елге жеткізуге атсалысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы