384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудың Ресеймен шекаралас аумағындағы қамыстың өртенуі расталмады

  • 131
  • UPD: 23:59, 02.12.2019
Атыраудың Ресеймен шекаралас аумағындағы қамыстың өртенуі расталмады

Атырау мен Астрахань облыстарының шекарасындағы қамыстың өртенуі туралы дерек расталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейдің Астрахань облысында Атырау облысы аумағындағы үш ауданның тұрғындары қамыстың өртенуі салдарынан түтін иісін сезінуде деген ақпарат пайда болды.Оқиғаны анықтау үшін бүгін Атырау облысының Құрманғазы ауданының шекаралас аумағына комиссия барды. Комиссия құрамына азаматтық қорғаныс, ҰҚК және жергілікті билік өкілдері кірді. Комиссияның сапары қорытындысында Қазақстан территориясында қамыстың өртенуі фактісі анықталған жоқ. Аталған ақпарат Ресей Федерациясының Астрахань облысы бойынша ТЖМ-не хабарланды»,- деп мәлім етті Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы