384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды

  • 95
  • UPD: 14:01, 03.12.2019

Павлодар облысында толық отбасы жол көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрт баланың әкесі оқиға орнында қаза тапса, анасы ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырған. Қазір дәрігерлер бір жасар сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр. Әлі есін жимаған бала жарақатының ауырлығына байланысты аудандық ауруханада қалдырылды. Ал 2002 жылы туған баланың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан 2011 және 2016 жылдары туған екі бала санавиациямен жеткізілді. Еске салсақ, кеше кешқұрым Ленин кенті  Ертіс-Русская поляна тас жолында Kia Rio және ВАЗ 2109 автокөліктері соқтығысқан болатын. Белгілі болғандай, Kia Rio көлігінің 55 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2109 көлігіне соғылған.

Мұсайып Төлеубаев, облыстық балалар ауруханасының жарақаттану бөлімінің меңгерушісі:

– Жағдайлары ауыр күйде қалып отыр. Бірақ өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бір бала жабық бас-ми жарақаты  мен түрлі дене жарақатын алған. 1916 жылы туған баланың да жарақаттары осыған ұқсас. Томографиядан өткіздік. Тиісті ем-шараларды жасап жатырмыз. Операцияны қажет етпейді.

Жанар Белялова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

– 4-тармағы бойынша сараптама тағайындалып, тергеу амалдары  басталды.  Kia Rio көлігінің жүргізушісі емдеу курсын аяқтаған соң жауапкершілікке тартылады. Атап өтер болсақ, Kia Rio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы да алған жарақаттарымен ауруханаға түсті.

Хабар 24 телеарнасы