376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жол апатынан екі адам ажал құшты

  • 138
  • UPD: 14:22, 30.12.2019
БҚО-да жол апатынан екі адам ажал құшты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, алтауы түрлі жарақат алды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

27 желтоқсан күні Орал-Атырау жолында «Лада» және «Рено» автокөліктері соқтығысты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 67 жастағы әйел оқиға орнында мерт болған. 23 жастағы тағы бір әйел ауруханада көз жұмды. Ақжайық аудандық орталық ауруханасына алты адам жеткізілді. Ашық бас-ми жарақатын алған 43 жастағы әйелдің миына зақым келген. 23 жастағы әйелдің қабырғалары сынған. Жабық бас-ми жарақатын алған 25 жастағы жас жігіттің кеуде тұсы да көгерген. 45 жастағы, 24 жастағы және 26 жастағы ер адамдар да түрлі жарақат алған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Хабар 24 телеарнасы