375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да газ тасымалдайтын жүк көлігі аударылды

  • 246
  • UPD: 17:27, 30.12.2019
СҚО-да газ тасымалдайтын жүк көлігі аударылды

Солтүстік Қазақстан облысында газ тасымалдайтын жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай кеше кешкісін «Челябі – Новосібір» тас жолының 506-шақырымында, яғни Қызылжар ауданында болған. 17 тонна метан газын Екатеринбургтан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізбек болған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жедел жәрдем қызметі және газ саласының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Рүстем Жұмағалиев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

Оқиғаны ести салысымен кеше барлық арнайы қызмет осы жерге жетті. Олар әлі де кезекшілік жасауда. Қазіргі таңда қуіпсіздік шаралары үшін полицейлер тас жолды екі жағынан жапты. Мамандар кранның көмегімен автоцистернаны тұрғызып жатыр. Ең бастысы, ол тесілмеген екен.

Хабар 24 телеарнасы