435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Cемейде көпқабатты үйде болған өрттен бір адам көз жұмды

  • 166
  • UPD: 17:52, 13.02.2020
Cемейде көпқабатты үйде болған өрттен бір адам көз жұмды

Семей қаласы Шүлбі кентіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 ақпан күні түн жарымында болған.

«Төртінші қабаттағы пәтерде еден мен жеке заттар өртенген. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау үшін бірден оқиға орнына аттанды. Алайда 69 жастағы үй иесін құтқара алмады», - делінген ведомство мәліметінде.

Өрт шығу себебінің екі нұсқасы қаралуда, атап айтқанда шылым шегу немесе отты абайсыз қолдану.

Хабар 24 телеарнасы