423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында үй өртеніп, 4 адам зардап шекті

  • 303
  • UPD: 23:14, 21.05.2020
Атырау облысында үй өртеніп, 4 адам зардап шекті

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданында бір отбасы табиғи газдың кесірінен  ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Газ қазандығындағы ақаудың салдарынан өрт шығып, үй мүліктері мен үйдің шатыры отқа оранды. Санаулы сағатта 100 шаршы метрді қамтыған отты жалын 4 адамды шарпып үлгерді. Қазір күйік шалғандар ауруханада ем алуда. Апатты ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 20 құтқарушысы мен 3 техника жұмылдырылды.

Рашид Біләлов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Абырой болғанда бұл жолы адам шығынына жол берілген жоқ. Құтқарушылар уақтылы жетіп үлгерді. Күйік шалғандардың жағдайы жаман емес. Біздің ескертерміз: табиғи газды пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін басты назарда ұстау керек.

 

Хабар 24 телеарнасы