423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада екі адам 8-қабаттан секіріп кетті

  • 466
  • UPD: 23:40, 21.06.2020

Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде 34 жастағы әйел 8-қабаттан секіріп кетті.

Алайда астаналық құтқарушылар орнатқан құрылғының арқасында ол аман қалды. Әлеуметтік желіде тараған видеода оның айналасындағылармен сөзге келмей, терезеден секіріп кеткенін байқауға болады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, құтқарушылар оқиға орнына жеткенше жоғары қабаттан тағы бір ер азамат құлаған көрінеді. Оның жағдайы ауыр. Терезеден секіргендердің екеуі де қалалық екінші ауруханаға жеткізілді.      

Хабар 24 телеарнасы