429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда операциядан шыққан науқас аурухана терезесінен құлап кетті

  • 279
Петропавлда операциядан шыққан науқас аурухана терезесінен құлап кетті

Петропавлда операциядан шыққан науқас кардиологиялық орталықтың 5-қабатынан құлап мерт болды.

Сол күні 69 жастағы Виталий Зелинский жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған еді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың психикалық жағдайы өзгеріске ұшыраған.

Қайғылы жағдай өткен сенбі медициналық қызметкерлер күні қарсаңында болған. Таңертең жансақтау бөлімінен шығарылған Виталий Зелинский түске қарай жара таңу бөлмесінің есігін бұзып кіріп, терезеден секіріп кеткен.

Розалия Зелинская, қала тұрғыны:

- Сол күні оған ағасы хабарласты. Бірақ ол ешкімді танымады. Әйелім де жоқ депті. Біздің ойымызша, бірдене берген. Ақыл-есі дұрыс болса, ондайға бармайтын еді.

Марқұмның жүрегіне 16маусымда ашық операция жасалған. Содан кейін 4 күн жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер болған жағдайды былай түсіндіріп отыр.

Асхат Молжігітов, кардиологиялық орталығы бас дәрігері орынбасарының м.а:

- Операция кезінде жасанды қан айналымы жасалды. Сондықтан гипоксикалық өзгерістер байқалды. Науқас психоздық халде болды. Ал сол күні таңертең жалпы жағдайы тұрақты еді.

Қазір осыған қатысты өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның анық-қанығы сонда белгілі болады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы