429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда 11 жасар баланы көлік қағып кетті

  • 338
  • UPD: 12:41, 07.07.2020
Павлодарда 11 жасар баланы көлік қағып кетті

Павлодарда 6 шілде күні сағат 21:30 шамасында Н.Назарбаев даңғылында жол-көлік оқиғасы болды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

«№174 үйге қарама-қарсы аумақта 23 жастағы LADA көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінде 11 жастағы кәмелетке толмаған велосипедшіні қағып кеткен», - деп хабарлады департамент.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақаттармен ауруханаға түсті.

Аталған факті тіркеліп, тексеріс жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы