418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда дәмхана өртенді

  • 207
  • UPD: 08:40, 11.07.2020
Атырауда дәмхана өртенді

Атырау қаласында «Шашлычок» жазғы дәмханасы түгін қалмай жанып кетті, депхабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 10 шілдеде сағат 17:01-де болған. «Жарбосынов көшесінің №83 мекенжайында орналасқан жазғы дәмхананың жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайды. Өрт салдарынан жазғы дәмхана толықтай жанып кетті. Дәмхана ауласында тұрған 144 шаршы мертлік үйдің кіреберіс бөлмесінің есігі мен терезесінің сыртқы қаптамасы, сондай-ақ, 1992 жылы шыққан Зил-ММЗ-4502 маркалы автокөлігі де отқа оранды. Сондай-ақ, тағы бір үй мен 40 шаршы метрлік гараждың төбе жабындысы бүлінді», –деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан 1953 жылы туған әйелдің екі аяғын, иығын күйік шалған. Ол 15-20 процент күйікпен аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Ал екі қолы күйіп қалған 1997 жылғы азамат дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Арнаулы қызметтің 25 қызметкері мен 5 техникасы өртті сөндіруге жұмылдырылды. Жалын сағат 18:40 –та толықтай сөндірілді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы