431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңіріндегі саяжай учаскелерінде өрт оқиғалары жиіледі

  • 274
  • UPD: 15:14, 20.07.2020
Ертіс өңіріндегі саяжай учаскелерінде өрт оқиғалары жиіледі

Бір тәулікте 56 үй отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың хабарлауынша, оқыс оқиға «Надежда» шаруашылығының аумағында тіркелді. Қызыл жалын 8 гектар жерді жалмады. Жанып кеткен учаскелердің 35-інің қожайындары жоқ болып шықты. Ал 21-і – қолданыстағы саяжайлар. Қазіргі уақытта өрттің себеп-салдары мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Айта кетейік, оқыс оқиға туралы хабар кештеу түскен. Жалпы өңірде өрт қаупі маусымы наурыз айында басталған еді. Сол сәттен бері 257 учаскені тілсіз жау жалмап, салдарынан 111 шағын үй жанып кетті. Сала қызметкерлерінің айтуынша, оттың тұтануына көбінесе адамдардың абайсыздығы себеп.

Сүлеймен Бимағамбетов, облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы:

– Біріншіден, су берілмейтін күн екен, соның салдарынан саяжай тұрғындары өздері өртті сөндіре алмады. Екіншіден, жел қатты болды. 18 техника мен 54 адам жұмылдырылды. Осы өрт салдарынан 56 саяжай үйлері жанып кетті.

Хабар 24 телеарнасы