419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Желідегі видео: Атыраудағы ұшақтан неліктен түтін будақтағаны белгілі болды

  • 368
  • UPD: 23:40, 22.07.2020

Желідегі видео: Атыраудағы ұшақтан неліктен түтін будақтағаны белгілі болды

Тұрғындардың ойы сан-саққа жүгіріп, түрлі пікір де айтылған. Бірі маса улау жұмыстары десе, бірі улы газ шашып жүр деп дабыл қағыпты. Алайда әуежай басшылығы, уайымдайтындай дәнеңе жоқ екенін айтады. Қара түтіннің шығу себебі әуе кемесінің ескілігінен. 

Андрей Ким, Атырау әуежайы инженерлік-авиациялық қызметінің басшысы:

- 21 шілде күні түстен кейін АН-12 жүк ұшағы ұшып кеткен. Бұл ескі ұшақ. Ұшу режимі кезінде қоспалардың араласуы салдарынан қара түтін шыққан. Бұл қалыпты жағдай. Кеңес кезіндегі барлық әуе кемесінен осындай қоспа бөлінеді. Ұшақ биік ұшқан сайын қара түтін азаяды. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы