476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтауда қоғамдық мүлікті бүлдірген жасөспірімдер әрекеті әшкереленді

  • 797
  • UPD: 11:13, 27.07.2020

Ақтауда қоғам мүлкін бүлдірген жеткіншектердің вандалдық әрекеті әшкере болды. Олар жартасты жердегі жол бойына жағалай орнатылған сатының ағаш сүйеніштерін теуіп сындырған. Бұзақылық әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған жеткіншектердің бірінің кім екені анықталды. Ол 13 жасар Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Енді олардың теріс әрекеті үшін ата-аналарына жауап беруге тура келеді.  

Алматыда түнгі мезгілде қонақ күткен қос дәмхана анықталды. Шектеу шараларын елемей тәртіп бұзған демалыс орындарында 90 адам болған. Қазір аталған нысандардың иелеріне әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабына сәйкес  хаттама толтырылды. Тексеру қорытындысына орай тиісті шара қолданылатын болады.

Алматыда пәтер тонаған күдікті ұсталды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ол осыған дейін Ақсай шағын ауданындағы ондаған пәтерді үптеп үлгірген. Есікті бұзу кезінде кескіш секілді құралдарды пайдаланыпты. Арнайы операция барысында қолға түскен күдікті бұрын да қарақшылық әрекеттеріне байланысты істі болған екен. Қазір Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы