431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда дәріні қымбатқа өткізу тыйылмай тұр

  • 217
  • UPD: 19:42, 03.08.2020
Оралда дәріні қымбатқа өткізу тыйылмай тұр

Оралда дәрілік заттарды заңсыз өткізу фактілері тыйылмай отыр. Облыстық  экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың тағы екі фактісін анықтады.

Бір жағдайда дәрі-дәрмектерді уәкілетті органының рұқсатынсыз сатқан қала тұрғынынан жалпы құны 128000 теңгені құрайтын «Цефтриаксон» және «Лидокаин» дәрі-дәрмектері табылып, тәркіленді. Тағы бір жағдайда Оралдағы дәріханалардың бірі инфлюцид препаратының белгіленген бағасы 2 571 теңге бола тұра әр қаптамасын 3500 теңгеге сатқан.

Айнагүл Мұташова,  экономикалық тергеу департаментінің бас маманы:

- Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын бұзу болып табылады. Жиналған материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және бақылау бөліміне жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы