420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында мемлекет қазынасынан ақша ұрлау анықталды

  • 175
  • UPD: 22:28, 03.08.2020
Павлодар облысында мемлекет қазынасынан ақша ұрлау анықталды

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекет қазынасынан ақша ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Железин ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мекеме басшысы мен қызметкерлеріне жалақыны есептеу және аудару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит барысында мекеме бухгалтері 2013-2019 жылдар аралығында мекеме басшысы мен бухгалтердің жеке есеп-шотына негізсіз ақша аударғаны анықталды», - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдері.

Сыбайластар 10 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаражатын иемденіп алған.

«Павлодар облысы Железин аудандық сотының 2020 жылғы 27 шілдедегі шешімі негізінде мекеме басшысы мен мекеме бухгалтеріне ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін төрт жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - деп толықтырды департамент өкілдері.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы