424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жатақханада өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды

  • 193
  • UPD: 17:25, 13.08.2020
Семейде жатақханада өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды

Семей қаласында жатақханада өрт шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 тамыз күні кешке өрт сөндіру бөліміне бес қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы балкон өртеніп жатқаны туралы хабарланды.

«Балкондағы түтінді көрген бірінші қабаттың тұрғыны бірден 101-ге қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер лезде оқиға орнына аттанды. Жеке заттарды, жиһазды, терезе мен есікті шарпыған тілсіз жаудың жалпы аумағы 5 шаршы метрге жеткен», - делінген ведомство мәліметінде.

Өрт сөндірушілер үй иесінің ұлын сыртқа алып шықты. Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында жатақханадан 75 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25 бала бар. Қызыл жалынның шығу себебі мас күйде темекі шегуден немесе отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы