420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында КамАЗ аударылып қалды

  • 201
  • UPD: 14:13, 18.08.2020
Қостанай облысында КамАЗ аударылып қалды

Қостанай облысында 18 тамыз күні таңғы сағат 7:00 шамасында КамАЗ көлігінің қатысуымен жол апаты болды.

Бұл ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады, деп хабарлады alau.kz.

Жүк көлігін басқарған 49 жастағы жүргізуші Қостанай қаласына бара жатып Дружба ауылының маңында көлік тізгініне ие бола алмай арыққа аударылып қалған.

Апат салдарынан жүргізуші жарақат алды. Полиция бұл фактіні тексеріп жатыр, оқиғаның себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы