428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде өрт сөндіру көлігі трамвайға соғылды

  • 133
  • UPD: 13:46, 21.09.2020
Өскеменде өрт сөндіру көлігі трамвайға соғылды

Оқиға Үлбі өзені үстінен өтетін көпірде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таңғы сағат 8 жарымда өрт сөндірушілер дабыл қосып, кезекті шақыруға бет алған. Алайда трамвай жол бермеген. Оқиғаның барысы «Сергек» бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазинаның айтуынша, трамвай жүргізушісіне қатысты әкімшілік протокол толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы