432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 2 жастағы бүлдіршіннің жантүршігерлік өлімі ашылды

  • 140
  • UPD: 09:53, 08.10.2020
Алматы облысында 2 жастағы бүлдіршіннің жантүршігерлік өлімі ашылды

Оқиға туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

2020 жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. 

Полицияға баланың шешесінің туған әпкесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. 

Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы