423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сәтбаев қаласында алты жасар қызды иттер талап өлтірді

  • 116
  • UPD: 22:26, 15.11.2020
Сәтбаев қаласында алты жасар қызды иттер талап өлтірді

15 қараша күні 17:00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөлімшесіне жедел жәрдем қызметкерлерінің тарапынан 6 жастағы бүлдіршіннің өлімі туралы хабар түсті.

Бұл – қаладағы саяжай қауымдастықтарының бірінде болған оқиға. Дәрігерлер бүлдіршін қыздың денесінен иттердің тістеген іздерін анықтаған.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетті. Полицейлер жазатайым көз жұмған бүлдіршіннің саяжай қауымдастығында ата-анасымен бірге тұрғанын анықтады. Үлкендердің қарауынcыз үйде жалғыз қалған жеткіншек иттердің қоршауына түседі.

«Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар бекітілді. Себеп-салдары анықталуда. Полицейлер ата-анасын жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр. Иттерді құрықтау бойынша тиісті ветеринарлық қызметке мәлімдеме жіберілді», – делінген Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Хабар 24 телеарнасы