419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғандағы газ баллон жарылысы: 14 жастағы бала көз жұмды

  • 113
  • UPD: 15:50, 30.11.2020
Талдықорғандағы газ баллон жарылысы: 14 жастағы бала көз жұмды

Талдықорғанда газ баллон жарылысынан зардап шеккен 14 жастағы бала қайтыс болды.

Оның денесінің 98 пайызы күйген болатын, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада жатқан 3 науқастың жағдайы өте ауыр. 2006 жылы туған бала қайтыс болды. Оның денесінің 98 пайызы күйген. Ол сағат 00:45 те жан тапсырды. Ал облыстық ауруханада жатқан екі науқастың жағдайы ауыр. Балалар ауруханасында жатқан 8 және 10 жастағы қыздардың жағдайы орташа ауыр», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Айта кетейік, Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 8 адамның 6-ауы жансақтау бөлімінде жатыр. Оларға Алматыдан санавиациямен жетекші травматолог-комбустиолог дәрігер жеткізілді. Ал оқыс оқиғаға куә болған тұрғын 8 және 10 жастағы қыздарды жанып жатқан үйден қалай құтқарғанын айтып берді.

Төтенше жағдай қызметінің ресми мәліметі бойынша, газ балонымен тұрғын қойдың басын үйтіп жатқан, дұрыс жанбаған соң үйдегі пештің жанына баллонды жылытуға қойған. Артынша жарылыс болған.

Хабар 24 телеарнасы