419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да киік аулаумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

  • 212
  • UPD: 17:42, 30.11.2020
БҚО-да киік аулаумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Батыс Қазақстан облысында заңсыз киік аулаумен айналысқан екі бірдей қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Қызыл кітапқа енген аңдарды аулаумен және оның дериваттарын сатумен айналысып ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Барлығы 11 адам жауапкершілікке тартылып отыр. Күдіктілердің барлығы да киіктер көшіп-қонатын аудандардың тұрғындары. Полиция аталған қылмыстық топтардың заңсыз әрекетін өткен жылдың күзінен бері бақылауға алған. Табиғатқа келген залал мөлшері 700 миллион теңге шамасында.

Болатбек Белгібеков, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінен 700-ден астам киік мүйізі, 9 тіркелмеген қару, 328 оқ-дәрі, 7 автокөлік, 7 қарда жүретін техника, 2 мотоцикл, түнде көруге арналған құралдары және басқа да заңсыз құалдар алынған болатын. Осы факт бойынша қазіргі уақытта полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚК 337, 339 және 262-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы