429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Маңғышлақ – Ақтөбе» пойызындағы өрттен зардап шеккендердің бірі көз жұмды

  • 195
  • UPD: 16:06, 21.12.2020
«Маңғышлақ – Ақтөбе» пойызындағы өрттен зардап шеккендердің бірі көз жұмды

«Маңғыстау – Ақтөбе» пойызындағы өрттен денесінің 80 пайызын күйік шалған 42 жастағы ер адам кеше Бейнеуде көз жұмды, деп хабарлады инАктау.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдайы өте ауыр болуына байланысты оны Ақтауға санитарлық авиациямен жеткізу мүмкін болмады.

Зардап шеккен тағы 4 адам медициналық мекемелерде емделуді жалғастыруда. Олардың арасында денесінің 40 пайызын күйік шалған ер адам мен оның 11 жасар ұлы Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.

«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонынан өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.

«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызында зардап шеккен әке мен бала Ақтауға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы