384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамыкин: Астана процесі Сирия жерінде бейбітшілік орнатуға тың серпін берері анық

  • 430
  • UPD: 08:01, 25.01.2017

Еуроодақ Сирия дағдарысы бойынша келіссөздердің белсенді қатысушыларының бірі.

Сондықтан олар екі күнге жалғасқан Астана процесіне ерекше назар аударды. Төрткүл дүние көз тіккен жиынның алғашқы қорытындылары жарияланғаннан кейін шетелдік сарапшылар пікір білдіріп, бағасын берді.

Андрей Мамыкин, Еуропалық парламент депутаты:

- Тараптар бір үстел басында бас қосты. Бұл шындығында бірегей бастама. Астана процесі Сирия жерінде бейбітшілік орнатуға тың серпін берері анық. Бұл Президент Нұрсұлтан Назарбевтың сарабдал саясатының жемісі екені сөзсіз. Өйткені Президент миллиондаған адамдардың тағдыры байланған мәселені шешетін ортақ алаң ұсынып, пікір білдірем деушілерге мүмкіндік жасады.

Хабар 24 телеарнасы