376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конституциялық кеңес реформаны қолдайды

  • 769
  • UPD: 20:41, 27.01.2017

«1993 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Президентке қосымша өкілеттілік табыстау туралы» заң уақыттың талабы болатын», - дейді Конституциялық кеңес мүшесі Виктор Малиновский.

Еліміз экономикалық реформаларға аса мұқтаж болған кезде Мемлекет басшысы өзіне бар жауапкершілікті алып, 1995 жылдың наурызы мен 1996 жылдың қаңтары аралығында заңдық немесе конституциялық күші бар 147 жарлық шығарды. Оның біразы әлі күнге дейін кәдеге асып тұр. Сарапшының пікірінше, қазір елімізде заң шығарушы және атқарушы биліктің берік жүйесі қалыптасқаннан кейін ондай қажеттілік туындап отырған жоқ. Әрі Парламент пен Үкіметтің бірлесе жұмыс істеуде тәжірбиесі бар.

Виктор Малиновский, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі:

- Алдыңғы жылдың күзінде Бес институционалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін Үкімет пен Парламент бірлесіп, 60 шақты заң қабылдады. Яғни заң шығарушылар мен атқарушылар бірлесе жемісті жұмыс істеуіне болады. Бұл – қалыпты үрдіс. Парламенттің өз бетімен тарауына тоқталар болсақ, Конституцияда оның өз бетімен тарап кетуі туралы айтылмаған. Мәжілістің немесе Парламенттің тарауы негізінен Республика Президентінің бастамасымен болады. Президент Конституцияның кепілі және саяси арбитражды іске асыратын жоғары лауазымды тұлға ретінде Парламентті таратуға құқығы бар. Парламентті тарату дегеніміз – депутаттарға заманға сай талап қоя отырып, Парламенттің саяси мазмұнын арттыру. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы