386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Сауд Арабиясы ынтымақтастығы нығая түспек

  • 482
  • UPD: 19:44, 08.11.2017

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастық нығая түседі.

Бұл туралы Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесі өкілдігінің басшысы Ахмад әл-Хамдидің кездесуінде айтылды. Олар парламентаралық ұйымдар аясындағы байланысты одан ары дамыту жайын талқылады. Сондай-ақ Сауд Арабиясы Королінің бастамалары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен өтетін, дінаралық төзімділік пен түсіністікке бағытталған «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері» съезінің мақсаттарымен үндес екені айтылды әрі Бектас Бекназаров Сауд Арабиясы тарапын келесі жылы өтетін VI съездің жұмысына қатысуға шақырды. Ал Ахмад әл-Хамди еліміздің қарқынды дамуына жоғары баға беріп, түрлі салада өзара тиімді әріптестікті нығайтуға әзір екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы