386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг депутаттары Елбасының 5 әлеуметтік бастамасымен танысты

  • 533
  • UPD: 12:09, 23.03.2018

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген Бес әлеуметтік бастамамен неміс Бундестагының депутаттары да танысты.

Танкред Шипанскидің айтуынша, елімізде енгізіліп жатқан реформалардың маңызы зор. Парламент мүшесі Қазақстан мен Германия ұқсас әлеуметтік саясат жүргізіп келе жатқанын атап өтті.

Танкред Шипански, Бундестаг депутаты:

- Менің ойымша, Президент Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік бірлікті нығайтуға тиіс бес ірі бастаманы ұсынды. Соның ішінде- баспанамен қамту. Германия да бұл мәселені қолға алып келеді. Бізде Қазақстан сияқты жас отбасылар үшін баспана алуды қолжетімді етпекпіз. Содан соң білім беру сапасын арттырып, гранттардың санын ұлғайту. Оның ішінде мемлекет басшысы ғылымға, яғни сұраныс жоғары мамандықтарға басымдық берген. Бұл бастамаларды қолдай отырып, қазақ халқына және Президентке тек табыс тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы