384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік БАҚ ШЫҰ саммиті жайлы жазып жатыр

  • 386
  • UPD: 15:14, 10.06.2018
Шетелдік БАҚ ШЫҰ саммиті жайлы жазып жатыр

Жаһандық бұқаралық ақпарат құралдары Циндаода өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті жайлы жарыса жазып жатыр.

The New York Times Қытай мен Үндістан Брахмапутра өзеніне қатысты даудың оң шешім тапқанын жариялады. Енді Қытай тарапы гидрологияға қатысты ақпаратты үнділік әріптестерімен бөлісіп отыруға міндетті. «Екі ел арасында жасалған ресми келісім бұл мемлекеттердің серіктес ретінде қарым-қатынасын нығайтуға жасалған қадам» деп жазды басылым. Ал The Tribune басылымы Нью-Дели мен Пекин Аспан асты еліне күріштің түрлі сұрпын импорттауға байланысты келіссөз жүргізгені туралы мәлімдеді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Үндістан Қытайға тек басмати күрішін ғана жіберіп отыр. Ал Үндістанның NDTV  телеарнасы «бұл келісім соңғы онжылдықта орын алған тауар тапшылығы мәселесін шешуге өз үлесін қосады» деді.

Хабар 24 телеарнасы