364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Әбдірахманов Түркі кеңесі СІМ кеңесінің отырысына қатысты

  • 348
  • UPD: 14:51, 02.09.2018
Қ.Әбдірахманов Түркі кеңесі СІМ кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі (ТМЫК, Түркі кеңесі) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Отырыс 3 қыркүйекте Шолпан ата қаласында өтетін ТМЫК VI саммиті қарсаңында өткізілді.

Аталған министрлік кездесулер Түркі кеңесі басшылары отырыстарының мазмұндық және ұйымдастырушылық сұрақтарын, сондай-ақ олар қабылдайтын шешімдерді талқылау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Кездесу барысында министрлер Басшылар кеңесі отырысының күн тәртібі мен кол қоюға жоспарланған құжаттардың жобаларын мақұлдады.

Бішкектегі кездесудің қорытындысы бойынша 2012 жылы Қазақстан және Әзербайжан президенттерінің бастамаларымен құрылған Түркі академиясы мен Түркі мәдениеті және мұрасы қорына қатысты бірқатар келісімдерге және құжаттарға қол қойылды. Аталған құжаттар жаңа түркі институттардың ұйымдастырушылық және қаржылық қызметін реттей отырып, Түркі әлемі мемлекеттері мен халықтарының игілігі үшін олардың табысты қызметіне одан әрі зор ықпалын тигізеді.

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің арнайы шешімімен Венгрия Түркі академиясы жанында бақылаушы мәртебесіне ие болды.

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. Қазіргі уақытта Кеңестің құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіреді. Түркі кеңесінің Бас хатшылығы Ыстамбұл қаласында (Түркия) орналасқан.

Осы категория бойынша: « ҚР Президенті қос палатаның бірлескен отырысында бірқатар тапсырма берді БҰҰ ҚК назары Конгоға ауды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы