389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ хатшылығында тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері сараланды

  • 831
  • UPD: 15:44, 17.12.2018

Қазақстандағы БҰҰ тұрақты өкілдігі шетелдік миссия мен беделді халықаралық ұйым хатшылығы өкілдерінен әлі де құттықтаулар қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ Бас хатшылығы кеңесінің аға саяси кеңесшісі Федор Климчуктың айтуынша, Қазақстан 27 жыл ішінде айтулы жетістіктерге жеткен.

Федор Климчук, БҰҰ Бас хатшылығы кеңесінің аға саяси кеңесшісі:

- Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Мен Орта Азияда ұзақ жылдар бойы жұмыс істегенмін. Қазақстанның бірқатар қаласында болдым. Бұл мемлекетті аса құрметтеймін. Өткен 2 жылда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қалай мүшелік еткенін бақылап отырдым. Мемлекет өз міндетін абыроймен атқарды. БҰҰ хатшылығы және басқа да мемлекеттермен керемет байланыс орнатты.

Хабар 24 телеарнасы