378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қақтығыс аймақтарында 300-ден астам қазақстандық жүр

  • 342
  • UPD: 15:30, 29.01.2019

От пен оқтың ордасына айналған қақтығыс аймақтарында 300-ден астам қазақстандық жүр.

Бұл туралы Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарының мәліметінше, соның ішінде 100-ге жуығы қолына қару алып, содырлар қатарына қосылған. Нұрғали Білісбеков Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қақтығыс аймақтарында шамамен 250 қазақстандық азаматша барын айтты. Әйелдердің көбі шекараны заңсыз кесіп өткен күйеулерінің соңынан кеткен.

Нұрғали Білісбеков, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары:

- Елімізде қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар да бар. Дегенмен, бүгінгі күні қақтығыс аймағында қазақстандық әйелдер әлі де жүр деген мәлімет бар. Біз олардың әрекеттеріне қылмыстық құқық тұрғысынан баға береміз. Сондықтан елге оралған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы