378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық бітімгерлердің екінші ротасы Ливанға аттанады

  • 404
  • UPD: 15:31, 18.02.2019

Ливанда БҰҰ-ның бітімгершілік әскері құрамында қызмет етіп жүрген қазақстандық бітімгерлерді жақын арада алмастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

120 сарбазымыз бен офицеріміз бірнеше ай бойы үндістандық серіктестерімен бірге Таяу Шығыста өз міндетін атқарып жүр. Қазақстандық бітімгерлер алғаш рет шетел батальоны құрамында қызмет етуде. Қазан айында Ливанға келген жауынгерлеріміз жақын арада отанына қайтады, ал оларды 120 қазақстандық сарбаз ауыстырады.

Саид Акбаруддин, БҰҰ жанындағы Үндістанның тұрақты өкілі:

- Ливандағы бітімгерлік міндет атқарудағы ынтымақтастығы үшін Қазақстанға өте ризамыз. Тұңғыш рет үндістандық және қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның маңызды жобасында бірге қызмет атқарды. Болашақта да Қазақстанмен бірлесіп өзге жобаларға қатысуға үміттіміз.

Хабар 24 телеарнасы