379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Косьянчич: Қазақстан Еуроодақ үшін Орталық Азиядағы негізгі серіктес болып қала береді

  • 77
  • UPD: 13:58, 20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы шешіміне қатысты Еуроодақтың сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич пікір білдірді.

Ол Қазақстанда биліктің заң бойынша бейбіт жолмен ауысатынына сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан Еуроодақ үшін Орталық Азиядағы негізгі серіктес болып қала беретінін атап өтті.

Майя Косьянчич, Еуроодақтың сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды басқарған 30 жылға жуық уақыттың ішінде конституциялық реформалар, жаңғыру реформаларын жүйелі жүзеге асырды. Өңірлік және жаһандық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөлге ие болды. Бейбітшілік пен тұрақтылық және қауіпсіздікті сақтауға айрықша мән берді. Қазақстан – Орталық Азия елдерінің ішінде Еуропалық одақпен ынтымақтастығын нығайтып, әріптестігін арттыруға ден қойған алғашқы мемлекет. Еуроодақ Қазақстан үшін ең ірі сауда әріптесі әрі инвестор саналады.

Хабар 24 телеарнасы