379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Кезектен тыс сайлау өткізу демократиялық қағидаларға сай келеді

  • 97
  • UPD: 09:35, 10.04.2019

«Кезектен тыс президент сайлауын өткізу - бұл Қазақстанның демократиялық қағидаларды ұстанатынының дәлелі», - дейді саясаттанушы Нұрлан Сейдін.

Мемлекеттің заңды, тұрақты президентінің болуы - әлемдік қауымдастықта да талап етіледі.

Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:

- Заңды мемлекет басшысын сайлап алуымыз керек. Бұл тек қана өзіміздің ішкі мәселелер ғана емес, халықаралық қоғамдастықта да талап етілетін заңдылық мемлекет басшысын қазір сайлап алатын болсақ, басқа мемлекет тарапынан да кез келген, халықаралық жоғары дәрежелі келісімдерде Қазақстан халық сайлаған заңды мемлекет басшысы Қазақстанды таныстырып, Қазақстанның ары қарайғы іс-әрекеттерін, қарым қатынасын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндіктер береді. Сол себептен де бұл сайлау біз үшін маңызды және қажет сайлау деп айтсақ болады.

Хабар 24 телеарнасы