378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Германия әріптестіктің жол картасын әзірлеуге кірісті

  • 105
  • UPD: 17:56, 13.04.2019

Екіжақты қатынасты дамытудың жаңа бағыттары үкіметаралық жұмыс тобының Берлинде өткен XII отырысына талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда сауда-экономикалық қатынасты тереңдету жайы қаралды. Оның ішінде ауылшаруашылық, көлік-қатынасы, туризм, цифрландыру, білім беру және энергияны үнемдеу салалары бар. Қатысушылар нақты жобаларды іске асыру мәселесін саралады. Олардың бірі - ауыл техникасын құрастыру зауытын салу жобасы. Жалпы ресми Берлин Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес ретінде таниды. Сондықтан Германия тарапы алдыңғы қатарлы технологиялармен бөлісуге дайын екендіктерін аңғартты.

Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Германияда білім беру тегін. Бұл ретте неміс үкіметімен тиісті келісімге қол қойсақ деген ойымыз бар. Қазіргі таңда бұл мәселені қос елдің білім беру министрліктері біздің студенттерді сонда оқыту мәселесін талқылап жатыр. Екі елдің де қарым-қатынасы жаңа деңгейге шықты. Осыған сәйкес екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жол картасы дайындалып жатыр. Құжатта стратегиялық маңызға ие жол бағыттары мен тиісті жобаларға қатысты ұсыныстар келтірілген.

Аманияз Ержанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

- Мына индустрия 4 мәселесіне келетін болсақ, бұл жағынан да неміс компанияларымен біздің екіжақты комиссия да үлкен келісімдерге келіп жатырмыз. Ол мына Франхофер институтымен бірге біздің Қазақстандық индустриялық даму институты өздерінің жобасын ары қарай жалғастыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы