384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау саяси тұрақтылықты сақтайды - сарапшы

  • 478
  • UPD: 15:14, 16.04.2019

Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау саяси тұрақтылықты сақтайды және Қазақстан мен Украина арасындағы газ сауда айналымына тың серпін беруі мүмкін.

Бұл туралы Украина мұнай өнімдері нарығының сарапшысы Дмитрий Глумов мәлімдейді. Атап айтқанда, Қазақстаннан Украинаға тасымалданатын сұйытылған газдың көлемі 2018 жылы рекордттық көрсеткішті жаңартқан. Өткен жылы тікелей келісім арқылы тасымал көлемі шамамен 273 мың тоннаны құраған. Украина трейдерлері: Кезектен тыс сайлау саяси тұрақтылықты сақтайды және екі елдің өзара тиімді сауда байланысына жаңа серпін береді деп үміт артады.

Дмитрий Глумов, мұнай өнімдері нарығының сарапшысы:

- Өткен жылы Қазақстаннан Украинаға тасымалданатын сұйытылған газдың көлемі рекордттық көрсеткішті жаңартты және Украинаға шет елден экспортталатын газ нарығының 15% құрады. 2019 жылдың бірінші тоқсанында ғана 63 мың тонна автогаз өнімі жеткізілген, бұл өткен жылғы осы мезгілмен салыстырғанда 70% артық. Қазақстан мен Украинадағы gрезиденттік сайлау заң шеңберінде ұйымдастырылып, газ сауда айналымының тұрақты жұмысына серпін береді деп сенеміз.

 

Хабар 24 телеарнасы