389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Назарбаева Қазақстан мен Хорватия арасында визасыз тәртіп орнатуды ұсынды

  • 516
  • UPD: 19:19, 30.04.2019

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Хорватияның Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Буричпен кездесті.

Спикер мәртебелі мейманның Қазақстанға бірінші ресми сапары екі жақты ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтеретініне сенімді екенін айтты. Кездесу барысында тараптар парламентаралық байланысты нығайту мәселелерін талқылады. Серіктестіктің басым бағыттары: ауыл шаруашылығы, туризм, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау салаларында болмақ. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында бірлескен кәсіпорындарды көбейтіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған протез өндірісін арттыру мәселесі сөз болды. Сенат Төрағасы Қазақстан мен Хорватия арасында визасыз тәртіп орнатуды ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы