378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттікке үміткер Ж.Әлиев лингвистикалық сынақтан сүрінді

  • 154
  • UPD: 17:12, 02.05.2019
Президенттікке үміткер Ж.Әлиев лингвистикалық сынақтан сүрінді

Лингвистикалық комиссия кандидатты мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген шешім шығарды.

Сынақтың бірінші кезеңінде Жұматай Әлиұлы «Мемлекет және дін» тақырыбында шығарма жазған. Жазба жұмысында орфографиялық, стилистикалық 19 қате жіберген. Тақырыпты аша алмаған. Екінші кезеңде «Абай жолы» романынан үзінді оқыды. Бірақ мәтінді оқу шеберлігіне комиссия мүшелерінің көңілі толмады. Соңғы кезеңде «Ырыс – алды ынтымақ» тақырыбына сөз сөйлеуі  тиіс еді. Бірақ қозғалған жайт бойынша ойын дұрыс жеткізе алмаған.

Айта кетейік, президенттікке кандидат ретінде Жұматай Әлиев «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған болатын.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы таба аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы