383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бектас Бекназаров Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

  • 202
  • UPD: 10:47, 21.05.2019
Бектас Бекназаров Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

20 мамырда Киевте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Сенатор Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан Украина Президентін лауазымына ресми кірісуімен құттықтап, бауырлас Украина халқының игілігіне арналған қызметінде сәттілік тіледі.

Кездесу барысында қазақстандық-украиналық қатынастарды жандандыру мәселелерінің кең аясы талқыланды.

 

Хабар 24 телеарнасы